
2018 жылы 8 қазанда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелерінің қатысуымен Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында берген нұсқаулары мен тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Кеңес барысында Жоғары Сот Кеңесінің Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі ережелері қарастырылды, онда судьяларды іріктеуде конкурстық бастамаларды күшейту, іріктеудің объективтілігін және ашықтығын арттыру, неғұрлым лайықты кандидаттарды судьялыққа тағайындауды қамтамасыз ететін фильтрлерді жетілдіру көзделеді.
Кеңес қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.