
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Германияға аттанды. Сапар мақсаты – судьяларды даярлау мен олардың біліктілігін арртыру жөніндегі германиялық тәжірибемен танысу. Сапар Германияның IRZ Халықаралық құқықтқы ынтымақтастық қорымен ұйымдастырылған.
Қазақстандық делегация құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерімен қатар Жоғары Сот Кеңесі аппаратының лауазымды тұлғалары және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Әділет Академиясының өкілдері енді.
Сапар шеңберінде Трир қаласындағы Германия судьялар академиясының, Майнц қаласының әкімшілік және жер соттарының өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Рейнланд-Пфальц федералды жерінің Әділет министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізеді.