
Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру жүйесін жаңғыртуға кірісті. Осыған байланысты сот жүйесіндегі кадр резерві институтын жетілдіру жөніндегі пікірлер мен ұсыныстарды жинап, талдау жүргізілуде. Жұмыс істеп жүрген судьялардан, сондай-ақ осы тақырып қызықтырған заң қауымдастығының басқа да өкілдерінен жоғары тұрған судья лауазымдарына кадр резервінің жаңа жүйесі бойынша өздерінің пайымдарын тұжырымдап, біздің атымызға нақты ұсыныстар енгізуін сұраймыз. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты