
15 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.C.Донақов Қазақстандағы ЕҚЫҰ Елшісі Дьердь Сабомен және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның өкілдері Константин Вардзелашвилимен және Якоб Боневимен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру шеңберінде одан әрі ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.