16 қарашада Астана қаласында Жоғары Сот Кеңесінің ұйымдастыруымен және Жоғарғы Соттың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры мен Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің қолдауымен «Судьяларды іріктеу жүйесін және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғырту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Республиканың мемлекеттік органдарының басшылары, Парламент депутаттары, судьялар, заңгерлер мен ғылыми-сарапшылық қауымдастығының, халықаралық мекемелердің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар, оның ішінде Италияның Магистратура Жоғары Кеңесінің, ЕҚЫҰ, ЭЫДҰ және Еуропа Кеңесі Венециандық комиссиясының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында үздік халықаралық тәжірибелер мен ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде судьяларды іріктеу, дайындау және жылжыту жүйесіндегі жаңа тәсілдер талқыланды.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты