
2018 жылы 28 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының қорытындылары бойынша бірқатар соттар судьяларының санын өзгерту, кейбір сот төрағалары мен судьяларын лауазымдарынан босату жөніндегі Жоғарғы Соттың ұсынымдары қаралып, келісім берілді.
Сонымен қатар, судьяның Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешіміне берген шағымы қаралды.
Одан басқа, Кеңес отырысында аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға 2018 жылы 31 шілдеде жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.
Сонымен бірге судьялыққа кандидаттарға баға беруді жүзеге асыратын, оның ішінде Жоғарғы Соттың, облыстық соттардың жалпы отырыстарының және соттармен өзара іс-қимыл кеңестерінің конкурстық іріктеу шеңберіндегі жұмыстары бойынша судьялар қауымдастығы органдарының жұмысы туралы мәселе қаралды.
Кеңес отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Жоғары Сот Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы нақты ақпарат Кеңестің сайтында орналастырылады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты