Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

2023 жылғы 9 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Біліктілік комиссиясының, Сот жюриінің және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның 2022 жылғы жұмысының қорытындылары тыңдалды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік және конкурстық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ Кеңес мүшелері Ақтөбе облыстық сотының төрағасы лауазымына балама негізде Жоғарғы Соттың Төрағасы ұсынған кандидатураларды қарады.

Бұдан басқа, республика соттарының кейбір төрағалары мен судьяларын, оның ішінде отставкаға кетуге, басқа жұмысқа ауысуға байланысты, өз еркімен, өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сондай-ақ Сот жюриінің шешімі бойынша тағайындау және қызметтен босату туралы ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, судьялардың Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның басқа соттарға ауыстыру туралы шешімдеріне 2 шағымы және Сот жюриінің сөгіс немесе қызметтен босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешімдеріне 3 шағымы қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Сот жюриінің барлық шешімдері негізді деп танылды, сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдері негізсіз деп танылды және қайта қарауға жіберілді.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты