
2018 жылы 7 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сараптама-консультативтік комиссияның отырысы өтті, онда судья лауазымына біліктілік емтиханын одан әрі жаңғырту, судья лауазымдарына конкурстарды жоспарлы алгортимдар негізінде өткізу және конкурстық іріктеу рәсімдерін жетілдіру мәселелері қаралды, сонымен қатар судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін қараудың базалық тәсілдері талқыланды.
Отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды, олар Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қарауға енгізілетін болады.
Комиссия мақұлдаған судья лауазымына біліктілік емтиханы және судьяларды конкурстық іріктеу рәсімдерін одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстар, сонымен қатар судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін қараудың базалық тәсілдері ресми сайтта орналастырылдын. Кеңес судьялар қауымдастығы мен заңгерлер жұртшылығының ұсыныстарын қабылдауға дайын, олар жоғарыда аталған мәселелер Кеңестің отырысында қаралған кезде ескерілуі мүмкін.
Конкурстарды жоспарлы алгоритмдер негізінде өткізу бойынша
Судьялар лауазымдарына конкурстық іріктеуді жетілдіру бойынша
Судья лауазымына біліктілік емтиханын өткізуді одан әрі жаңғырту
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін жаңа тәртіп бойынша қараудың негізгі тәсілдер
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты