Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында Рим қаласында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында Рим қаласында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында Рим қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мен Итальян Республикасы Магистратурасының Жоғары Кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР ЖСК Т. С. Донақов, ал итальян тарапынан Италия Магистратурасының Жоғары Кеңесі вице-президенті Давид Эрмени қол қойды.

 

          Меморандумға сәйкес еліміздің Жоғары Сот Кеңесі Италия Магистратурасының Жоғары Кеңесімен білресе отырып, судьяларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйелерін жетілдіру және институционалдық дамыту бағыныдта ынтымақтастық орнатылмақ. 

 

          Құжат шарттары бойынша, тараптар бірлесіп, оқыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Сонымен қатар судьяларды іріктеу саласындағы тәжірибемен бөлісу да көзделген.    

 

          Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қарашасында Италия Магистратурасының Жоғары Кеңесінің өкілдері Астанада өткен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін және судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру тақырыбында ұйымдастырылған Халықаралық "дөңгелек үстел" отырысына қатысқан.