2018 ж. 14-15 желтоқсанында Венеция қаласында Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Комиссиясының (Венециан комиссиясы) 117-ші пленарлық отырысында Қазақстандағы судьяларды іріктеу жүйесін және Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру жөніндегі заң жобасының Концепциясы талқыланып, мақұлданды.
Венециан комиссиясының 117-ші пленарлық отырысының жұмысына ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. С. Донақов бастаған қазақстандық делегация қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2012 жылдан бері Венециан комиссиясының мүшесі және тиімді ынтымақтастық орнатқан. Қазақстандық тараптың ұсынымдары бойынша біздің еліміздің құқықтық институттарын реформалау шеңберінде Комиссия бірнеше мәрте сарапшылық-консультативтік көмек көрсеткен.