
2018 жылы 21 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті, оның барысында алғашқы рет облыстық соттармен бейнеконференцбайланыс жүйесі пайдаланылды.
Отырыста Кеңес судьялардың бос орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеуді және судья лауазымына біліктілік емтиханын одан әрі жаңғырту мәселелерін қарады, судья лауазымдарына кадр резервінің жаңа жүйесін қалыптастырудың және судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау тетігінің базалық тәсілдерін мақұлдады.
Сонымен қатар, сот жүйесінің кейбір ұйымдастыру-кадр мәселелері қаралды, оның ішінде облыстық және оған теңестірілген соттардың бірқатар төрағаларын қызметке тағайындауға ұсыным берілді, аудандық судья лауазымына алғаш рет тағайындалған адамдар жұмысының нәтижелері бекітілді және Республика соттарының кейбір төрағалары мен судьяларын лауазымдарынан босату мәселелері қаралды.
Бұдан басқа, Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімдеріне судьялардың берген шағымдары қаралды.
Кеңес отырысында Жоғары Сот Кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары жасалып, Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы мақұлданды.
Кеңес отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты