Мемлекет басшысы Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама таныстырылады

Мемлекет басшысы Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама таныстырылады

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевқа Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама таныстырылады. Болашақ құжаттың негізгі параметрлері 2019 жылдың 29 қаңтарында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен өткен Кеңестің кезекті отырысында бекітілді. 

Сонымен қатар Кеңес мүшелері судья лауазымына кадрлар резервін қалыптастырудың жаңа Ережелерін бекітті. Бұл Ережелер кадрлар резервінің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Бұдан бөлек, отырыста Сот жюриі және Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясы жұмысының қорытындылары қаралды.

Отырысқа өатысушылар сондай-ақ, Жоғарғы Сот Төрағасының Республикадағы кейбір соттардың төрағалары мен судьяларын қызметінен босату туралы ұсыныстарын қарады.

Отысыртың қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелері бірқатар шешімдер мен ұсынымдарды мақұлдады.

Естеріңізе сала кетейік, ү. ж. 23 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжілісі "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларды мәртебесі туралы" Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулыра енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын мақұлдаған. Бұл құжат барлық кадр мәслелерін Жоғарғы Соттан Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне беруді көздейді.

         

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты