
Ағымдағы жылы 9 наурызда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту жөніндегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қолданысқа енгізіледі, онда сондай-ақ:
- судьялардың бос орындарына орналасуға арналған конкурстарды жоспарлы негізде өткізу;
- облыстық немесе оған теңестірілген соттың сот алқасының төрағасы лауазымына конкурстық іріктеу;
- конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан құжаттар қабылдау мерзімін Жоғары Сот Кеңесінің екі аптаға дейін қысқарту мүмкіндігі;
- судьялыққа кандидаттар үшін заң мамандығы бойынша жұмыс өтілінің (10 жылдан 5 жылға дейін) азайту және конкурстарды өткізуге қатысты басқа да бірқатар ережелер көзделген.
Бұдан бұрын Жоғары Сот Кеңесінің сайтында 2019 жылға арналған судьялардың бос орындарына орналасуға конкурстар өткізу кестесі жарияланған болатын, онда ағымдағы жылы 1 наурызда аудандық соттардың судьялары мен төрағалары, облыстық соттардың және Жоғарғы Сот судьяларының бос орындарына орналасуға конкурсты жариялау көзделген.
Конкурсты жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өткізу қажеттілігіне байланысты ағымдағы жылы 1 наурызда жариялау жоспарланған судьялардың бос орындарына орналасуға конкурс кейінге ауыстырылады және ағымдағы жылы сәуірде жарияланатын болады.
Судьялардың бос орындарының, оның ішінде бос болуы болжанатын орындарының тізімі Жоғары Сот Кеңесінің сайтында ағымдағы жылы 11 наурызда жарияланатын болады.