2019 жылы 3 сәуірде Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2019 жылы 3 сәуірде Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті
2019 жылы 3 сәуірде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. С. Донақовтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Талқылау қорытындылары бойынша Кеңес жанында Судьяларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы шешім қабылданды, Жоғары Сот Кеңесінің регламентіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Сонымен қатар, сот жүйесінің кейбір ұйымдастыру-кадр мәселелері қаралды, оның ішінде Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және Алматы облыстық сотының төрағасы қызметтеріне тағайындауға, сондай-ақ кейбір судьяларды әртүрлі негіздер бойынша лауазымдарынан босатуға ұсыным берілді.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсынылады.
 
 
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты