
Жоғары Сот Кеңесі 2018 жылы 21 желтоқсанда судьялардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялаған болатын, оның қорытындылары Кеңестің алдағы отырыстарының бірінде шығарылады.
Судья лауазымдарына неғұрлым дайындалған кандидаттардың іріктелуінің объективтілігін арттыру, тағайындалуын қамтамасыз ету мақсатында Жоғары Сот Кеңесі кандидаттарды іріктеу кезінде қосышма бағалау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдады.
Қосымша қолданылатын бағалау құралдары:
1) эссе жазу;
2) сот практикасын модельдейтін кейс тапсырмаларын жазбаша орындау болады.
Аталған құралдар осы конкурс шеңберінде емтихан тапсырып және тағылымдамадан өткен кандидаттарға, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген кандидаттарға қолданылатын болады.
Эссе жазудың және кейс тапсырмаларын орындау тәртібі, әдістемесі және мерзімдері жақын арада анықталып, Кеңестің интернет-ресурсында жарияланатын болады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
аппараты