Жоғары Сот Кеңесі және Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшелері, сонымен қатар Кеңес аппаратының қызметкерлері адам ресурстарын басқару жөніндегі озық заманауи әдістемелер мен технологияларын оқыту семинарына қатысты

2019 ж. 11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі және Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшелері, сонымен қатар Кеңес аппаратының қызметкерлері адам ресурстарын басқару жөніндегі озық заманауи әдістемелер мен технологияларын оқыту семинарына қатысты. Шара БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.  

Korn Ferry/Hay Group компаниясының өкілдері жүргізген тренинг барысында қатысушылар судья лауазымына кандидаттарды іріктеу және олардың білімі мен біліктілігін бағалауда HR-технологияларын пайдалану әдістерін үйреніп, оларды іс-жүзінде қолдану жөнінде дәріс тыңдады.

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты