Жоғары Сот Кеңесі мен Халықаралық Сот Әкімшілігі Қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Жоғары Сот Кеңесі мен Халықаралық Сот Әкімшілігі Қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылдың 22-сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мен Халықаралық Сот Әкімшілігі Қауымдастығы (ХСӘҚ) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР ЖСК-нің Төрағасы Т.С. Донақов қол қойды, ал ХСӘҚ тарапынан Халықаралық Сот Әкімшілігі Қауымдастығының Президенті Марк Бир мырзаның қолы қойылды.

Құжат бірлескен оқыту семинарларын өткізуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ сот жүйесі мен ҚР судьяларын іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда ҚР ЖСК мен ХСӘҚ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты көдейді.