Сингапур Республикасының Әділет және денсаулықты сақтау министрлігінің делегациясымен кездесу өтті

Сингапур Республикасының Әділет және денсаулықты сақтау министрлігінің делегациясымен кездесу өтті

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Сингапур Республикасының Әділет және денсаулықты сақтау министрлігінің делегациясымен, оның басшысы Әділет және денсаулықты сақтау аға мемлекеттік Министрімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін сипаттау арқылы судьяларды іріктеудің қазақстандық жүйесі талқыланды, сонымен қатар сот қызметкерлерін іріктеу, дайындау және оларды ілгерілету бойынша пікір алмасу орын алды. 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты