Судьялардың бос орындарына орналасуға конкурсқа қатысушыларға арналған ақпарат

Судьялардың бос орындарына орналасуға конкурсқа қатысушыларға арналған ақпарат

Кандидаттардың Жоғарғы Соттың жұмыс органдары беретін тиісті қорытындыларды алуы қажеттілігіне байланысты Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін ағымдағы жылы 8 сәуірде жариялаған конкурс бойынша мынадай бос орындар санаттары:

-       аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары;

-       облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары;

-       Жоғарғы Соттың судьялары лауазымдары бойынша құжаттар қабылдау мерзімінің ағымдағы жылғы 20 мамырға дейін (қоса есептегенде) ұзартылғаны туралы хабарлайды.