2019 жылы 16 мамырда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2019 жылы 16 мамырда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2019 жылы 16 мамырда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Талқылау қорытындылары бойынша Кеңестің жұмыс органдары – Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Судьяларды конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құрамдары бекітілді.

Кеңес жанындағы аталған комиссиялардың, сондай-ақ Біліктілік комиссиясының және Сарапшылық-консультативтік комиссияның құрамдары Кеңестің vss.gov.kz интернет-ресурсында және Facebook әлеуметтік желісінде Кеңестің ресми парақшасында жарияланатын болады.

Бұдан басқа, Кеңесте дауларды соттан тыс шешу жүйесін одан әрі дамыту жөнінде тұжырымдамалық тәсілдер қаралды.

Сонымен қатар, судьялардың бос орындарына орналасуға арналған екі кезеңдік конкурс өткізу тетігі, полиграфологиялық зерттеуге жіберілетін адамдарды анықтау критерийлері және шалғай жерлерде орналасқан соттарды анықтау тәртібі мен олардың тізбесі мақұлданды. Жоғары Сот Кеңесінің регламентіне тиісті түзетулер бекітілді.

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) басшысын қызметке тағайындауға келісім берілді.

Сонымен бірге, судьялардың Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімдеріне берген шағымдары қаралды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер қабылдады.

                                                                               

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты