Жоғары Сот жанындағы кадр резерві жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі отырысы өтті

Жоғары Сот жанындағы кадр резерві жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі отырысы өтті

2019 жылы 27 мамырда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Жоғары Сот жанындағы кадр резерві жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі отырысы өтті.

Кеңес Төрағасы, басқосуды аша отырып, кадр резерві сот меритократиясы принципін іске асырудағы ең маңызды құралдардың бірі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ол жаңадан құрылған комиссия мүшелерін кадр резервіне үміткерлерді іріктеу барысында жаңашыл әдістемелерді енгізуге шақырды. Айта кетейік, комиссия құрамына сот және заңгерлер қоғамдастығының өкілдерімен қатар алғаш рет мемлекеттік және мемлекеттік емес HR-менеджмент мамандары, соның ішінде кадрлық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын халықаралық компаниялардың өкілдері енді.  

Отырыс қорытындылары бойынша жоғарыда аталған Комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі мен кадр резерві жөніндегі комиссия мүшелерінің алгоритмі мақұлданды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты