Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Итальян Республикасында жүр

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Итальян Республикасында жүр
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Итальян Республикасына барды. Сапардың мақсаты - судьяларды іріктеу мен ынталандырудың итальяндық тәжірибесімен танысу.
Қазақстандық делегацияның құрамында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Кеңес аппаратының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің лауазымды тұлғалары бар.
Сапар аясында Итальян Республикасы Магистратурасының Жоғары Кеңесі, Кассациялық және Конституциялық соттарының өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.