Cудья лауазымдарына үміткерлерге арналған ақпарат

Cудья лауазымдарына үміткерлерге арналған ақпарат

Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында жарияланған, 2019 жылға арналған судьялардың бос орындарына орналасуға конкурстар өткізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылғы 2 шілдеде судья лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау көзделген.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда 2018 жылғы 21 желтоқсандағы конкурстың нәтижелерін қорытындылау бойынша жұмыстар аяқталуда. Оның нәтижесінде бірқатар бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылуы мүмкін .

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 
18-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеліп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және оларға қайта конкурс жариялау қарастырылған.

Аталғанды ескеріп, 2018 жылғы 21 желтоқсандағы конкурстың екінші кезеңін қорытындылау қажеттілігіне байланыстыа.ж. 2 шілдеде жариялауға жоспарланған конкурс кейінге ауыстырылады.

Осы мәселе бойынша қосымша ақпарат 2019 жылдың тамыз айының бірінші онкүндігінде Жоғары Сот Кеңесінің веб-сайтында жарияланады.