2019 жылы 4 шілдеде Кеңестің кезекті отырысы өтті

2019 жылы 4 шілдеде Кеңестің кезекті отырысы өтті

2019 жылы 4 шілдеде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Басқосудың қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелері 5 әскери сотты тарату туралы шешімге келісімін берді (Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Өскемен гарнизондары). Ондағы штаттық лауазымдар жергілікті соттарға ауыстырылады.

Сонымен қатар, Кеңесте ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі Алқасының төрағасы лауазымына үміткердің кандидатурасы мақұлданды. 

 Бұдан бөлек, 34 судья түрлі себептермен атқарып жатқан қызметерінен босатылатын болды. Оның ішінде 17-сі судья болып қала береді және басқа лауазымдарға тағайындалады.

Кеңес отырысында сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі Комиссия шешімдеріне және Сот жюриінің шешімдеріне судьялардан түскен 6 шағым қаралды. Оларды қарау бойынша 2 судьяның шағымдары қанағаттандырылып, қалған 4 судья бойынша аталған органдардың шешімдері өз күшінде қалдырылды.

Жиында мамандандырылған тергеу соттарының төрағалары мен судьяларының бос орындарына орналасуға 2018 жылы 21-ші желтоқсанында жарияланған конкурс қорытындыланды. Нәтижесінде бос лауазымдарға 103 үміткер ұсынылды. Оның ішінде 31 адам тұңғыш рет судья қызметіне ұсынылды.

Кеңес отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.

Жоғары Сот Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы нақты ақпарат Кеңестің сайтында орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты