
Судья лауазымдарына конкурстардың екінші кезеңіне азаматтардың қатысуы туралы
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 18-бабының 6-бабына сәйкес Жоғары Сот Кеңесі ағымдағы жылғы 4 шілдеде 2018 жылғы 21 желтоқсандағы конкурстың екінші кезеңі жарияланды.
Ағымдағы жылғы 3 шілдеде Жоғары Сот Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірінші кезең барысында толтырылмаған бос орындарға конкурс жарияланды.
Сонымен қоса конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін Жоғары Сот Кеңесінің мекенжайына бірінше кезеңге қатыспаған адамдардан өтініштер келіп түскен.
Алайда, Заңның 18-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған басқа судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін.
Осылайша, конкурстың екінші кезеңіне конкурстың бірінші кезеңіне қатысқан үміткерлер ғана қатысуға құқылы.
Сонымен қатар бірінші кезең шеңберінде қатысқан лауазымдарға кандидаттарға қайта сол лауазымдар бойынша конкурсқа қатысуға жол берілмейді.
Судьялардың орнынан түсуі туралы
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне судьялардың орнын түсу құқығын растау туралы өтініштер келіп түседі.
2019 жылғы 21 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген түзетулерге сәйкес орнынан түсу құқығын растау және оны тоқтату мәселелерін Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясы қарастыратынын түсіндіреміз.
Осыған орай судьялардың орнынан түсу құқығын растау мәселесі бойынша Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияға жүгіну қажет.