Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Сингапур Республикасында барды. Сапардың мақсаты - судьяларды іріктеу мен ынталандырудың сингапурлық тәжірибесімен танысу.
Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің лауазымды адамдары кіреді.
Сапар аясында Сингапур Республикасы Жоғарғы Сотының басшылығымен, сот қызметі бойынша Комиссияның мүшелерімен, Сингапурдың заң колледжінің өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.