
2019 жылғы 11 қыркүйекте Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Донақов Т.С. төрағалығымен Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оған Кеңес мүшелерімен қатар, құқықтық қауымдастық өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында танымал және беделді қазақстандық заңгер, «Саят Жолшы и Партнеры» заң кеңсесінің басқарушы серіктесі Бикебаев Айдын Жолшыұлы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Сонымен қатар, Біліктілік комиссиясының құрамына Кеңес мүшесі, Арқалық қалалық сотының судьясы Карбенова Бекзат Есембекқызы кірді.
Кеңес отырысының қорытындылары бойынша түрлі себептермен 16 судья қызметінен босату туралы ұсыныстар алды, оның ішінде 3-і басқа судьялық лауазымдарға конкурссыз тағайындалуына байланысты.
Аталған мәселелерден басқа, Сот жюриінің шешімдеріне қатысты 5 судьялардың шағымдары қаралды.
Кеңес отырысында 2018 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған бос судьялық лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары шығарылды.
Мәжілістің қорытындысы бойынша Кеңес тиісті шешімдер және ұсынымдар қабылдады.
Жоғарғы Сот Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы толық ақпарат Кеңес сайтында орналастырылады.
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты