
2022 жылғы 29 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдастырушылық-кадрлық мәселелері қаралды.
Отырыста Кеңес аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының 254 бос орынға арналған конкурс қорытындысын шығарды.
Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша жарияланады.
Сонымен қатар, отырыста Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері зейнеткерлік жасқа толған Батыс Қазақстан облысының жергілікті соттарының 2 судьясының қызмет ету мерзімін ұзартуға келісім берді, сондай-ақ облыстық соттың 2 судьясын қызметтен босатуға ұсыныс берілді.
Бұдан басқа, жұмысты жетілдіру шеңберінде судьяларға куәліктер беру тәртібіне түзетулер қабылданды және 2023 жылға арналған бос судьялық лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кестесі бекітілді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты