Жоғарғы Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғарғы Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы және Шымкент қалалары, Түркістан және Қарағанды облыстары аудандық соттарының төрағасына және үш судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы аудандық сотының судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Судьяларды жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу негіз болды.

Сот жюриінің бұл шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар бұл шешімдерге Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі аудандық соттардың бір төрағасы мен бір судьясына қатысты олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты