
2022 жылғы 1 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.
Отырыста Кеңес конкурстың қорытындысын шығарып, 60 адамға ұсынымдар берді, оның ішінде:
1 – Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына;
4 – облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына;
16 – облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары лауазымына;
39 – аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына.
Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша орналастырылады.
Сонымен қатар, отырыс шеңберінде Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері отставкаға кетуіне байланысты облыстық соттың судьясын лауазымынан босатуға келісім берді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты