Жоғарғы Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғарғы Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Павлодар және Қарағанды облыстары аудандық соттарының екі судьясына судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Осы облыстардың аудандық соттарының тағы екі судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Судьяларды жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу және судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.

Сот жюриінің бұл шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар бұл шешімдерге Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі аудандық соттардың бір төрағасы мен үш судьясына қатысты, оның ішінде тәртіптік іс жүргізуді қарау мерзімдерінің аяқталуына және судьяның іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты