
2022 жылғы 22 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Ел басшылығы Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғарғы соттың алдына сот жүйесіне құқықтың жекелеген салаларында мамандарды тарту жөнінде міндет қойды.
Осы тапсырманы іске асыру үшін Жоғары Сот Кеңесі Астана қаласы соты судьяларының 2 бос лауазымына құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін (салық, қаржы құқығы, зияткерлік меншік және жер қойнауын пайдалану құқығы) және Алматы қалалық соты судьясының 1-бос лауазымына жер құқығы саласындағы маман үшін аудандық деңгейден тыс конкурс жариялады.
Отырыс шеңберінде Кеңес мүшелері осы конкурстың қорытындысын шығарды. Жалпы 3 лауазымға 31 адам үміткер болды.
Кеңес кандидаттарды жан-жақты зерделеп, терең бағалағаннан кейін Астана қаласы сотының судьялары лауазымына екі кандидатты ұсынды. Алматы қаласы сотының судьясы лауазымына конкурс лайықты кандидаттардың болмауына байланысты өткізілмеді деп танылды.
Ұсыным алған тұлғалар туралы ақпарат қосымша ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Кеңес судьяның тәртіптік жаза қолдану туралы Сот жюриінің шешіміне шағымдану туралы бір өтінішін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша Сот жюриінің шешімі негізді деп танылды, осыған байланысты судьяға қатысты Кеңес атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным қабылдады.
Сондай-ақ Кеңес бір судьяны қайтыс болуына байланысты қызметінен босатуға ұсыным берді.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелері аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары лауазымына алғаш тағайындалған 53 тұлғаның жұмыс нәтижелерін қарады. Олардың барлығы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес деп танылды.
Сондай-ақ, Кеңес зейнеткерлік жасқа толған 6 судьяға қызметте болу мерзімін ұзартуға келісім берді.
Сонымен қатар, отырыс шеңберінде сот лауазымдарына біліктілік емтиханының ашықтығын және оңтайландыруды одан әрі арттыруды көздейтін Кеңес Регламентіне түзетулер бекітілді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты