
17 тамызда судьяларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Комиссияға Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Данияр Қайратұлы Канафин енгізілді.
Әр жылдары ол аға оқытушы, факультет деканы, кафедра доценті, әртүрлі жоғары оқу орындарында қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта Д.К. Канафин Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. «CICERO PARTNERS» адвокаттық кеңсесінің серіктесі. 2008 жылдан-Алматы қалалық адвокаттар алқасының тағылымдамадан өту және адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығы басшысының орынбасары.
2021 жылы Республикалық адвокаттар алқасы делегаттарының конференциясымен адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Қазақстанның адвокаттар одағының «Кәсіпқойлығы үшін» медалімен марапатталды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның адвокаттар одағы оған «Жыл адвокаты» атағын берді.
Бірнеше рет халықаралық ұйымдармен және жобалармен қылмыстық сот төрелігі, сот-құқықтық реформа және адвокаттық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша ұлттық сарапшы ретінде тартылды. 55-тен астам ғылыми еңбектің авторы.
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы судьяларды конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияға Кеңестің тұрақты мүшелерімен қатар (барлық деңгейдегі судьялар, адвокат және құқық профессорлары) заң және академиялық қоғамдастықтың, прокуратураның өкілдері кіреді.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты