Судьялық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірлері ескеріледі

Судьялық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірлері ескеріледі

Судьяларды іріктеудіңа шықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды конкурсқа қатысатын кандидаттар туралы пікір бөлісуге шақырады.

Қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесі Нұр-Cұлтан қаласы соты судьяларының 2 бос лауазымына құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін (салық, қаржы құқығы, зияткерлік меншік және жер қойнауын пайдалану құқығы) және Алматы қалалық соты судьясының 1-бос лауазымына жер құқығы саласындағы маман үшін конкурс өткізуде.

Пікірді кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 25 тамызды қоса алғанда "Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері" бөлімінде қалдыруға болады (өту)

Қоғамдық пікірмен қатар іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері зерттеледі. Бұдан басқа, кандидаттар адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандары кіретін конкурстық комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді.

 Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты