
2022 жылғы 17 тамызда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жаңа облыстарда соттардың құрылуына байланысты кеңес мүшелері Абай және Жетісу облыстарының сот төрағаларын тағайындау мәселесін қарады.
Бұдан басқа, Кеңес республика соттарының бірқатар судьяларын атқаратын қызметтерінен босатуға келісім берді. Босатудың негізі отставкаға кету, өз қалауы, зейнеткерлік жасқа жету, басқа судья лауазымына тағайындау және басқа жұмысқа ауысу болды.
Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе зейнеткерлік жасқа толған кейбір судьялардың қызметте болу мерзімін ұзарту болды.
Сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі мен конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты