
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ресми түрде ұсынады.
Бұл құжат осымен екінші мәрте әзірленді. Тұңғыш рет судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама 2019 жылдың наурызында ұсынылған. Бүгінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жыл сайынды дәстүрлі ресми бюллетеніне айналды. Жұртшылыққа Қазақстан судьялары корпусының сандық және сапалық құрамы туралы жүйеленген және барынша толық ақпарат, оның ішінде өткен бір жыл ішінде өзгерген қажетті статистикалық деректер ұсынылады.
Құжатта елдің судьялар корпусының жай-күйіне кешенді сипаттама беріледі, судья кадрларының жай-күйіне егжей-тегжей сараптама жүргізіліп, баға берілді, кандидаттарды іріктеудің жаңғыртылған жүйесі, және 2018-шы жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізіліп жатқан жаңа жүйе бойынша судьяларды іріктеу нәтижелері көрсетіледі.
Ұлттық баяндамада Қазақстан соттарының қызметін ұйымдастырушылық-кадрлық қамтамасыз етудің дерлік барлық аспектілері қамтылған. Бұл ретте судья кадрларын іріктеу және жылжыту жүйесінің және Жоғары Сот Кеңесі жұмысының проблемалық мәселелері мен одан әрі дамыту перспективалары аталады.
Ұлттық баяндаманы дайындау кезінде Қазақстанның судьялары және жалпы заңгерлер қаумдастығы, сондай-ақ барлық отандық және шетелдік ұйымдар мен тұлғалар үшін қызықты және пайдалы болуы мүмкін шетелдік және халықаралық тәжірибе ескерілді.
Ұлттық баяндаманың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында танысуға болады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты