Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарының аудандық соттарының үш төрағасы мен судьяларына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Шымкент қаласының бір судьясына сөгіс жарияланып, Ақтөбе облыстық сотының судьясына қатысты қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Судьяларды жауапкершілікке тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу және судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі аудандық соттардың екі судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты