Жоғары Сот Кеңесінің құрамында кадрлық өзгерістер болды

Жоғары Сот Кеңесінің құрамында кадрлық өзгерістер болды

Жоғары Сот Кеңесінде жеті жаңа мүшелері Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалды.

Олардың арасында: Жоғарғы Соттың судьялары Нұрия Оралжанқызы Сисенова және Айдын Маратұлы Нұрбеков, Ақмола облыстық сотының судьясы Әскербек Бейсембекұлы Жақулин, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғафур Хамзеұлы Шаров, Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы Жеңісбек Саветбекұлы Мырзалиев, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Олеся Юрьевна Цай, сондай-ақ М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры Жаннетта Гайсовна Калишева.

Осы Жарлықпен ЖСК-нің бұрынғы мүшелері – Н.Ө. Жолдасбековтың, Ғ.А. Қайшыбековтың, Б.Е. Карбенованың, А.А. Күлбаеваның, С.С. Тілегеновтің өкілеттіктері тоқтатылды.

Кеңестің жаңартылған құрамымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты