
Ағымдығы жылдың 31 мамырында Жоғары Сот Кеңесі жекелеген құқық салаларындағы (салық, қаржы құқығы, зияткерлік меншік және жер қойнауын пайдалану құқығы) мамандар үшін Нұр-Сұлтан қаласының соты судьяларының 2 бос лауазымына және жер құқығы саласындағы маман үшін Алматы қалалық соты судьясының 1 бос лауазымына конкурс жариялады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, сот корпусына жоғары білікті кадрларды тарту мақсатында Кеңес елдің заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Алғашқы кездесу 2022 жылдың 17 маусымында сағат 10:30-да Нұр-Сұлтан қаласының сотында өтеді.
Бұл іс-шараның онлайн көрсетілімі кеңестің YouTube-тағы ресми арнасында мына сілтеме бойынша қолжетімді болады:
https://www.youtube.com/channel/UCcfYwxVxyNuoZEY701ApGtw.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты