
Жоғары Сот Кеңесі заңды қоғамдастықпен кездесу өткізеді
Ел басшылығы Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғарғы соттың алдына сот жүйесіне құқықтың жекелеген салаларында мамандарды тарту жөнінде міндет қойды.
Осы тапсырманы іске асыру үшін өткен жылғы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын адамдар үшін облыстық деңгейдегі судьяның бос лауазымдарына жекелеген конкурс өткізуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Құқықтың мұндай салаларының тізбесі Жоғарғы соттың ұсынысы бойынша (бұл салық, корпоративтік, экологиялық, жер, қаржы құқығы, жер қойнауын пайдалану және зияткерлік меншік құқығы) а.ж. 5 мамырда Жоғары Сот Кеңесінің отырысында бекітілді.
А.ж. 31 мамырда Жоғары Сот Кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы соты судьяларының жекелеген құқық салаларындағы (салық, қаржы құқығы, зияткерлік меншік және жер қойнауын пайдалану құқығы) мамандар үшін 2 бос лауазымына және Алматы қалалық соты судьясының жер құқығы саласындағы маман үшін 1-бос лауазымына конкурс жарияланды.
Құқықтың осы салаларын айқындау кезінде жоғарыда аталған құқық салаларында арнайы білімді талап ететін келіп түскен және қаралған істердің саны, олар бойынша сот актілерінің күшін жою және оларды өзгерту саны, сондай-ақ осындай істерді қарауға қабілетті судьяларға қажеттілік ескерілді.
Жоғары Сот Кеңесі сот корпусына жоғары білікті кадрларды тарту мақсатында Кеңес Төрағасы Д. А. Шипптың және Жоғарғы Сот басшылығы қатысуымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында еліміздің заң қоғамдастығының өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған іс-шаралар арнайы оңтайландырылған конкурстық іріктеу рәсімдері және судьялық лауазымға орналасудың басқа да аспектілері туралы заң жұртшылығын хабардар етуге бағытталған.
Осыған байланысты заңды жұмыс өтілі кемінде 15 жыл және тиісті құқық салалары бойынша мамандануын растайтын жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл мүдделі тұлғаларды, құқықтың жекелеген салаларындағы мамандарды (банк ұйымдарының, корпоративтік сектордың қызметкерлері, істердің арнайы санаттары бойынша соттардағы өкілдер) осы кездесулерге қатысуға шақырамыз.
Екі қаладағы кездесулер офлайн-форматта өтеді, нақты уақыты мен орны қосымша хабарланады. Сонымен қатар, осы іс-шараларды Кеңестің YouTube-тағы ресми арнасында онлайн-трансляциялау жүргізілетін болады https://www.youtube.com/channel/UCcfYwxVxyNuoZEY701ApGtw.
Байланыс деректері-8 (7172) 75-16-36, 87770316891 (whatsapp және telegram).
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты