
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2019 жылы 20 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Кеңес бос судья лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындысын шығарды, тиісті судьяларының бос орындарына 46 кандидат ұсынылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы соттарының 25 төрағасы мен судьясын түрлі себептермен қызметінен босату туралы ұсынымдар қабылданды.
Кеңес отырысында сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия мен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімдеріне 11 судьяның шағымдары қаралды. Оларды қарау нәтижелері бойынша бір судьяның шағымы қанағаттандырылып, аталған органдардың 10 судьяға қатысты шешімдері өз күшінде қалдырылды.
Бұдан басқа, Жоғары Сот Кеңесі 26 жергілікті соттың штат құрылымын өзгертуге, зейнеткерлік жасқа толған екі судьяның қызметінде болу мерзімін ұзартуға келісім берді.
Кеңес отырысында сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің қызметіне қатысты ұйымдастыру мәселелері қаралды, оның ішінде Кеңестің 2020 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты