Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясымен кездесті

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы келді.

Әзербайжан Жоғарғы Сотының Төрағасы Рзаев Рамиз Ягуб оглы басқарған делегация құрамына Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының алқа төрағалары мен лауазымды тұлғалары кірді.

Кездесу барысында Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы делегацияны Кеңестің құрылу тарихы, дамуы және қазіргі қызметі туралы хабардар етті.

Бұдан әрі Кеңес Аппаратының қызметкерлері Жоғары Сот Кеңесінің судья кадрларын іріктеу және даярлау, судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелері жөніндегі қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды.

Өз кезегінде Әзірбайжан Жоғарғы Соты делегациясының қатысушылары Жоғары Сот Кеңесінің еліміздің судьялар корпусын қалыптастыру бойынша жұмысында, сондай-ақ Сот жюриінің қызметінде заманауи HR және IT құралдарын пайдалануға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Кездесу соңында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытып, судья кадрларын іріктеу және ілгерілету саласында тәжірибе алмасу сот жүйесін жетілдірудің маңызды аспектісі болып табылатынына сенім білдірді.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты