Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 26 мамырда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 4 судьясына қатысты 5 тәртіптік іс және судьяның Сот жюриінің тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімінің күшін жою туралы бір өтініші қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының екі судьясына қатысты сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жазалар қолданылды. Судьяларды жауапкершілікке тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың бұзылуы негіз болды.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі аудандық соттардың төрағасы мен судьяларына қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты