
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі Сіздерді "Сот жүйесіндегі кадр саясатының келешек бағыттары" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға шақырады.
Аталған іс-шараны бірлесіп ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Дүниежүзілік банктің және БҰҰДБ-ның Қазақстандағы кеңселері.
Іс-шараның мақсаты үздік халықаралық практикалар мен ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде судья кадрларын іріктеу, дайындау және жылжыту жүйесіндегі жаңа тәсілдерді талқылау болып табылады.
Дөңгелек үстелдің жұмысында отандық және шетелдік сарапшылар, Республиканың бірқатар мемлекеттік органдарының және судьялар қауымдастығының өкілдері, Парламент депутаттары қатысады.
Өткізілетін уақыты мен орны: 2019 жылы 18 қазанда сағат 09.30, "Astana Marriott" қонақ үйі (Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 2)
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты