
2019 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бастамасы бойынша «Сот жүйесіндегі кадр саясатының келешек бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны бірлесіп ұйымдастырушылар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Әділет министрлігі, Дүниежүзілік Банк мен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы кеңселері болды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Испанияның Сот билігі Бас Кеңесінің, Өзбекстан Жоғары Судьялық Кеңесінің, Қырғызстанның Судьяларды іріктеу кеңесінің, Францияның Ұлттық сот төрелігі мектебінің, Тәжікстанның Жоғарғы Сот жанындағы Судьялардың оқу орталығының өкілдері, сондай-ақ Канададан, Испаниядан, Грузиядан келген халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Президент Әкімшілігінің, Бірінші Президент Кеңсесінің, Конституциялық Кеңестің өкілдері, Парламент депутаттары, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар мен заңгерлер қауымдастықтары қатысты.
Қатысушылар Қазақстанда судья кадрларын қалыптастыру мен дамыту перспективаларының негізгі проблемаларына қатысты мәселелерді талқылады. Испания Корольдігі мен Франция Республикасында судьяларды іріктеу және дайындау тәжірибесі таныстырылды. Сонымен бірге, қатысушылар сот кеңестерінің қызметіндегі халықаралық стандарттар, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, судьялардың кәсіби қызметін бағалаудың олардың тәуелсіздігінің кепілдіктеріне ықпалы, судьяларды іріктеу мен бағалау кезінде заңгерлер қауымдастығы мен судьялар корпусының өзара іс-қимылы, судьяларды іріктеу сапасын арттыру құралы ретінде замануи HR-әдістерді қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жалпы Қазақстанның судья қызметіне кадрларды іріктеу жүйесін трансформациялаудағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдері сарапшыларының, сондай-ақ Орталық Азия республикаларының өкілдерінің де шынайы қызығушылығын тудырды.
Іс-шараға қатысушы қонақтар Қазақстанның сот жүйесіндегі өзгерістерді жоғары бағалап, ынтымақтастыққа және тәжірибемен алмасуға мүдделі екенін айтты.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындылары бойынша бірқатар бірлескен ұсынымдар қабылданды. Олар: