Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Француз Республикасында жүр

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Француз Республикасында жүр

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің делегациясы Француз Республикасында жұмыс сапарында. Сапардың мақсаты-судьяларды іріктеу мен алға бастырудың Француз тәжірибесін зерделеу.

Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Жоғары Сот Кеңесі аппаратының лауазымды тұлғалары бар.

Сапар аясында Жоғары Магистратура Кеңесі мен Француз Республикасының Ұлттық Сот төрелігі мектебі өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.