
2019 ж. 6-7-ші желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократияға Комиссиясының (Венециан комиссиясының) 121-ші пленарлық сессиясының жұмысына қатысты. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Т. С. Донақов, Венециан комиссиясының мүшесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры атқарушы директорының орынбасары И. И. Рогов, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Аппаратының басшысы Б. М. Нұрмұханов енді.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Венециан комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін және судьяларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнаманың Концепциясына 2018-ші жылғы Комиссияның ұсынымдарын жүзеге асыру туралы құлағдар етті.
Сессия барысында И. И. Рогов Конституциялық Кеңес және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры бастамасымен жарық көрген «Қазақстан және Венециан комиссиясы: құқық арқылы демократия үшін» атты кітапты таныстырды. Бұл еңбекте Қазақстан мен Венециан комиссиясының құқықтық мемелекет негіздерін жүзеге асыру аясындағы әріптестігі қорытындыланған.
Б. М. Нұрмұханов сессияға қатысушыларды келер жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өтуге арналған Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің дайындық шараларының барысымен таныстырды.
Венециан Комиссиясы Қазақстанда құқық үстемдігін құру, конституциялық даму және сот кадрларын іріктеу жүйесін жетілдіру шеңберінде атқарылып жатқан шараларға оң бағасын берді.
Қазақстан 2012-ші жылдан бері Венециан Комиссиясына мүше және онымен тығыз әріптестік орнатқан. Қазақстан тарапының сұрауы бойынша, комиссия еліміздің құқықтық институттарын жетілдіру жолында сарапшылық-кеңестік көмек көрсетіп отырады.
|
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының баспасөз қызметі |
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының баспасөз қызметі
|
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының баспасөз қызметі |