Жоғарғы Сот Кеңесінің делегациясы Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды

Жоғарғы Сот Кеңесінің делегациясы Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды

9-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты-судьяларды іріктеу мен ілгерілетудің бельгиялық және халықаралық тәжірибесін зерделеу.

Сапар барысында Бельгия Әділет Жоғары Кеңесінің және судья кадрларын даярлау институтының өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ Сот жүйесі Кеңестерінің Еуропалық Желісінде кездесу өтті, онда Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесі мен осы халықаралық ұйымның ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты