
Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 12 судьясына қатысты 12 тәртіптік іс қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар судьялар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан облыстары соттарының жеті судьясына қатысты сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жазалар қолданылды. Судьяларды жауапкершілікке тарту сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдылықтың бұзылуы негіз болды.
Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі аудандық соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты