
Бүгін Жоғары Сот Кеңесі мен оның аппараты "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы және экологиялық айлық аясында өткізілетін аумақты жинау және жаппай ағаш отырғызу бойынша жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбілік кезінде аумақты тазартумен қатар, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері мен аппарат қызметкерлері Қайым Мұхамедханов көшесінің учаскесінде балқарағай, емен және қарағай отырғызды.


